Жарнама
Қоғам

БІЛІКТІ МАМАНҒА СҰРАНЫС БАР

Вице-министр кездесу барысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кеңінен әңгіме қозғап, бағдарламаны жүзеге асыру бағытында облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың тоғыз айында жоспар бойынша 2555 жұмыс орны ашылып, 2562 адам жұмысқа орналасқан. Яғни, жоспар межеден асып түскен.

Бағдарламаның «Шағын несиелеу» бағыты бойынша да біраз жұмыстар атқарылған. Жалпы, облыс бойынша 439 субъектіге шағын несие бөлінген.

Вице-министр жұмыссыздарды оқыту, жастар тәжірибесін жандандыру бойынша жұмыс бәсеңдеу жүріп жатқандығын сынға алды. Мәселен, Индер ауданында оқыту курстарынан өткендердің 54,5 пайызы ғана жұмысқа орналасса, Қызылқоға ауданында бұл көрсеткіш – 50 пайыз.

— Бағдарламаның басты мақсаты – адамдарды тек оқытып қана қоймай, сонымен қатар, оларды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру. Егер жұмыссыздар қайта даярлау курстарынан өтіп, әлі де жұмысқа орналаса алмай жүрсе, олқылық сіздерден кетіп отыр. Тек қажетті мамандықтарға ғана оқыту керек, — деп вице-министр Д.Арғандықов нақты міндеттер қойды. 

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button