БИІК БЕЛЕСТЕРГЕ – БІРЛІКПЕН!..
Егемендік алғаннан бері бақытты өмір, баянды болашақ үшін бар күш- жігерімен еңбек етіп келе жатқан Елбасы тағы да үлкен жауапкершілікті мойнына жүктеп, елінің жарқын болашағы үшін еңбек етуге бел буды. Бұл туған жер, ата-мекенін, халқын жан-тәнімен қадірлейтін адамның қолынан ғана келетін іс деп ойлаймын.
Мен ұстаз, ана ретінде Президентіміздің әр сөзінен қуат аламын. Әсіресе, Елбасының Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құрып, 5 институционалдық реформаны ұсынғандығы, оның кезең-кезеңмен жүзеге асатындығы көңілге қонымды. Бұл бағыт елдің саяси ілгерілеуіне, өнікті де нәтижелі істерге себепші болары анық.
Ендігі міндет – осы реформаларды жүзеге асыру үшін қызмет ету.Әрбір Қазақстан азаматы ел мерейін үстеу үшін адал еңбек етіп өз үлесін қосуға міндетті. Алаштың әр азаматының бойында ұлттық сезім, ауызбіршілік, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер қалыптасқаны абзал.
Біз бұрынғыдан да биік белестерге қол жеткізуге тиістіміз. Өйткені, бағдарымыз айқын, болашағымыз сенімді.
Нұрзила СӘРСЕНОВА,
Атырау қаласының
Құрметті азаматы,
педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор.