Жарнама
Қоғам

Бейбітшілік пен келісім формуласы

Қазақ елінің жаңғыруын, мемлекеттік даму жолындағы толайым табыстарын қазақстандықтар ғана емес, барша әлем халқы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыратыны ақиқат. Елбасымыздың  қазіргі таңдағы «Ұлы даланы рухани жаңғырту» бағытындағы идеялары мен бастамалары халықтың шынайы құрметі мен өнегесіне айналып отыр. Бүгінгі күні елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі – ең маңызды даталардың бірі. Себебі, бұл мереке – мемлекеттің мерейі мен мәртебесі. Сонымен қатар, бұл алға қарай өрлеудің, рухани жаңғырудың, ұлтты қастерлеудің  өлшемі.

????????????????????????????????????

Елбасының жүргізген сарабдал саясаты нәтижесінде еліміздің экономикасы дамып, Қазақстан алдыңғы қатарлы дамыған елдермен терезесі тең, керегесі кең мемлекетке айналды. Тәуелсіздігіміз нығайып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды, еліміздегі 130-дан астам ұлттар арасында ынтымақтастық бекіп, ырысымыз молайды. Бүгінгі күні тарихымыз түгенделіп, тіліміз бен дініміз  қайта жанданып,  мәдениетіміз бен дәстүріміз жаңғыра  бастады.

Тәуелсіз ел болу халқымыздың маңдайына біткен ерекше бақыты десек, сол елдің іргесін нығайтып, Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, ірі мемлекеттердің өзі санасатын мәртебелі елге айналдырған Президентіміздің  өлшеусіз еңбегі екенін жұртшылық ерекше бағалап жүр. Ұлы Дала төсін дүбірлеткен бабалардың асыл армандарын іске асырған Елбасымыз дамыған іргелі мемлекет құрып қана қоймай, үш-төрт жыл турасында «Мәңгілік Ел» құрудың тарихи бағдарын ұсынды. Бұл идея – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді.  Бүгінгі күні сол арман ақиқатқа айналғандай. Ұлт болып қалыптаса  бастағаннан кейінгі ғасырларда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада», одан кейінгі жаугершілік, отарлау кезінде қынадай қырылған қазақ бүгінгідей заманды аңсады, көбі соған жете алмай қапыда кетті. Көшбасшымыздың ішкі және сыртқы саясаттағы салмақты ұстанымы арқасында халқымыз арман еткен осынау бүгінгідей тыныш әрі берекелі заманға қол жеткіздік.

Мемлекет басшысының саясатының нәтижесінде елімізде экономикалық өрлеумен қатар, ел бірлігі, бейбітшілік пен келісім құндылықтары орын алды. Сол себепті, еліміздегі түрлі этностардың достығы мен бірлігі мемлекеттің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Мемлекетіміздегі  тату-тәтті өмір сүру тәжірибесі, шын мәнінде, халықаралық деңгейде ұлттық саясатты табысты іске асыру үшін өте маңызды рөл атқаруда. Бүгінгі күні қызмет атқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының өзі еліміздің барлық өңірлері мен аймақтарында түрлі этностардың басын қосқан этномәдени бірлестіктердің қызметінен құрылған. Осы бірлестіктердің арқасында барлық этностық топтардың дәстүрін, тілін және мәдениетін дамытуға бағытталған ондаған әлеуметтік бағдарламалар табысты іске асырылып жатыр. Этномәдени бірлестіктердің негізгі принциптері Қазақстан Республикасында тұратын этностар арасындағы достықты нығайту, білім беру мен мәдениет деңгейінің сапасын көтеру, жастарды патриотизмге, жоғары азаматтық пен имандылық рухында тәрбиелеу және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.

Тұңғыш Президент күні уақыт өткен сайын маңызы арта түсіп, рухани санамызды жаңғыртып, қуаттандыратын, жаңа мұраттарға жетелейтін мерейлі мереке екені анық.

Муса АЛИШАЕВ,  «Салам  Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Біздің Президентіміз – адам ретінде барлық игі қасиеттерді бойына жинақтаған, әлемдік деңгейде танылған Көшбасшы, қазіргі заманның көрнекті саясаткері. Көп жағдайда оның реформаторлық қарым-қабілетінің және халықаралық бастамаларының арқасында бүкіл әлем Қазақстанды танып білді, мойындады. Бүгінгі күні Елбасымыз халықтар бірлігінің, мемлекеттік биліктің және негізі берік Конституцияның символы және кепілі болып табылады. Біздің мемлекетте үлкен құндылық бар, бұл – елдің тыныштығы, халықтың бірлігі. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі ұстанып отырған саясаты, міне, осы бағытта  көрегендік пен кемеңгерлік аясында жүргізіліп келеді.

Мұратбек Жаңабай

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button