Бес нәрседен қашық бол…
Айналамызда эмоционалды-психологиялық тұрғыдан кесірін тигізетін адамдар болады. Бірақ мұны көп жағдайда байқай бермейміз. Психолог мамандар олардан аулақ жүруді ескертеді. 1. Шағым айтушылар
Бұлар үнемі өміріне көңілі толмай, шағым айтып жүретін жандар. Бірақ өздері әрекет қылмайды. Біртіндеп бұл адамның ойлау жүйесі сізге де сіңе бастайды.
2. Бәрін өзіне міндетті санайтын адамдар
Үнемі өзгелерден әлденені талап етіп жүретін жандар. Олардың ойынша барлық адам оларға міндетті, қарыз. Олар басына іс түсе қалса бірінші туыстарын, жақындары, достарын, әйтеуір өзінен басқа елдің бәрін кінәлап шығады.
3. Конформистер
Конформистер бәріне көндіккен адамдар. Олар шектеулер мен тыйымдарды қабылдаған және ол шекаралардан шығуға талпынбайтын адамдар. Оларда талап пен мақсат жоқ. Елдің айтқанымен жүре беруге әзір жандар.
4. Көңіл көтергенді жақсы көретін адамдар
Аптасына бес күн сауық-сайран құрудан шаршамайтын адамдар. Олар кафелер мен клубтарлың табалдырығын тоздыруға әзір. Бұл адамдар көңіліңізді көтергенімен, жолдан тайдыруы мүмкін.
5. Күмән келтірушілер
Өзінің қабілетіне күмәнданатын, өзгелерге күдікпен қарайтын адамдар негатив ойларын сізге де сіңіреді. Олар сіздің жоспарыңызды тыңдап, кейін қара аспанды төндіріп, сеніміңізге селкеу түсіреді.