Жарнама
Қоғам

БЕРСЕҢ, БАЛАҒА БЕР!

Жылдағы дәстүр бойынша Атырау қаласындағы №3 орта мектебі де республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясынан шет қалмады. Әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды қамқорлыққа алып, қолдау көрсету мақсатында «Облыстық әуесқой бокс» федерациясы, «Көктем» сауда орталығы, «Жайық» және «Sella» сауда дүкені, мектеп әкімшілігі оқушыларға қысқы киім, аяқ киім және оқу құралдарын сыйға тартты. 

Мектеп қабырғасында «Жақсылық жасауға асығайық!» тақырыбында жоғарыда аталған мекемелердің, жеке кәсіпкерлердің, оқушылардың қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Өз кезегінде ата-ана мен оқушылар көмек қолын созған қайырымды жандарға шексіз алғыстарын білдіріп, мектеп әкімшілігі демеушілерге Алғыс хаттар табыстады. 

А.Құрманова, 
№3 орта мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button