Жарнама
Қоғам

Берекелі ай мерекеге ұласты

   Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы биыл Қызылқоға ауданында жылдағыдан өзгеше өтті.

  Рамазан айы басталған сәтте алғашқы ауызашарды мешіт жамағаты өздері ұйымдастырып, бастама көтерген еді. Шағын ғана 20-30 адаммен басталған ауызашар күн өте ауқымы үлкейіп, 100 адамға дейін жиналып, ортақ шаңыраққа айналды. Мешіт жамағатынан соң аудандық күзет бөлімі, 1986, 1978 жылы туылған ауыл азаматтары аталмыш киіз үйде ораза тұтқан жамағатқа дастархан жайса, оларды қызу қолдаған ауыл жастары өз құрдастарымен бірігіп ауызашар беруді дәстүрге айналдырды. Ел ағаларының осындай игі істерін 1994, 1995, 1992, 1989 жылдары туылған жастар жалғастырса, артынша мешіт жамағаты Төлеп Балғынбаев, Миялы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық ішкі істер бөлімі де мешіт ауласындағы киіз үйде дастархан жайып, ораза ұстаушыларға құрмет көрсетті.  Құрылғанына бір жыл болса да талай игі істерді ұйымдастырып, жарқын жобаларымен елді қуантып жүрген  «Жүрекке жол» еріктілер тобы ауызашар «эстафетасын» одан әрі жалғады.

Аудан әкімі Мақсот Мұқанов та қолдау білдіріп, ауызашар берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button