БЕРЕКЕ – БІРЛІКТІҢ ҚАЙНАРЫ
Ассамблеяның 20 жылдығына орай өткізілген шараны басқарма бастығы, полиция полковнигі С.Молдашев ашып, жүргізді. Өз сөзінде ол қарыштап дамып келе жатқан еліміздің бүгіні мен болашағы турасында әңгімеледі. С.Акаев елімізде тұратын түрлі ұлт өкіл-дерінің татулығы, Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті жайында айта келіп, қиын-қыстау кезеңде жүздеген ұлтқа пана болған Қазақстанның баянды болашағы туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ, ол тәуелсіз мемлекетіміздің дамудың даңғыл жолына түскенін, осы аралықта алған асуларымыз бен қол жеткізген жетістіктеріміздің көңіл тоғайтатынын айтты. Мекеменің өнерлі қызметкерлері ұсынған сазды сәлемдеме де ерекше әсерлі болды.
Қайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ,
Атырау облысы
«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімшесі бастығы.