Жарнама
Қоғам

БЕНЗОЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ – МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ

Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаев бұл жетістікті Астана күніне тарту ретінде бағалады. Мыңдаған мүшесі бар ұжым еліміздің бас қаласының туған күніне осындай айтулы сый жасады.

Жиналғандарды облыс әкімінің атынан құттықтаған оның бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған тағы бір іргелі жобаның мәреге жеткендігін айтты.

Аталмыш жобаның бас мердігері қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясы қазақстандық филиалының директоры Чжэн Фуцян 2010 жылы басталған жобаның сәтті аяқталғанына қанағаттанғандық сезімін білдірді.

«ҚазҚұрылысСервис» компаниялар тобының Қазақстандағы филиалының директоры Сергей Колесников бірге қызмет атқарған құрылысшыларға алғысын айтты. Зауыттың еңбек ардагерлері Геннадий Яшков пен Манарбек Бекберген кейінгі толқынды кезекті еңбек жеңісімен құттықтады.

Жиналғандардың көз алдында хош иісті көмірсутектер шығару кешенінің технологиялық қондырғысының аға операторы химиялық талдау жүргізу үшін алғашқы сұрыптау жасады. Бензол сынамасы зауыттың орталық зертханасына жөнелтілді. Мұның бәрі экраннан көрініп тұрды. Біраз уақыттан кейін сынақ қорытындысы жарияланып, дайын өнім алынғаны хабарланды. Зауыттың бас директоры оны резервуар паркіне жөнелтуге рұқсат берді.

М.СҮМЕСІНОВ.

(Атырау мұнай өңдеу зауытында алғашқы бензол алу салтанатынан толық репортаж газетіміздің келесі

санында жарияланады).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button