Жарнама
Қоғам

БЕКБОЛАТ ҚАЗИМАНОВ

 

Ол 1965 жылы 1 ақпанда Атырау облысы Исатай ауданы Новобогат ауылында дүниеге келді.

2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетіне түсіп, 2005 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. 1983-1985 жылдары Кеңес Одағының қарулы күштері қатарында әскери міндетін атқарған.

Еңбек жолын 1985 жылы «Доссорнефть» мұнай-газ өндіру басқармасының операторы болып бастап, әр жылдары түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 1994 — 2000 жылдары – «Газ Урал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болды. 2001-2008 жылдары «Атырау-Милениум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, 2004-2008 жылдары «КБР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарған.          

2007 жылдың тамыз айында IV шақырылған Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған, 2007-2008 жылдар аралығында Атырау қалалық мәслихатында «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының Саяси кеңес мүшесі болған.  2008 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Атырау қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

Осы жылдар аралығында қалалық мәслихаттың, депутаттық корпустың жұмысын белсенді жүргізіп, ұйымдастырушылық қабілеті мол басшы екендігін көрсете білді. Халық қалаулысы ретінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында қабылданатын шешімдерге қолдау көрсетіп, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. 

Бекболат Хайдарұлы еңбек жолындағы жетістіктері еленіп «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихатына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Қадірлі әріптесіміз Бекболат Хайдарұлының отбасына, тума-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Атырау қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың аппараттары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button