Бейбітшілік пен келісім – басты ұстаным
Бүгін Атырау қаласында Абай атындағы орталықта «Азия және Еуропа халықтары мәдениеттерінің шығармашылық фестивалі» Халықаралық бейбітшілік пен келісім керуенінің II кезеңі бойынша тақырыптық «дөңгелек үстел» өтті.
Жиынның мақсаты – керуенге қатысушы елдердің халықаралық қоғамдастықта оң имиджін нығайту және дамыту, мемлекет пен азаматтың қоғам арасында әріптестіктің тиімді моделін дамыту, әртүрлі елдердің мәдени мұрасы мен шығармашылығының жетістіктерімен өзара алмасу.
Шараға этномәдени бірлестік мүшелері, «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қорының Президенті, атқарушы директоры, академик Руслан Абдуллин, ҚХА Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен Атырау облысы ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.