Жарнама
Қоғам

Бассейн жөнінде не білеміз?

Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.

Аквапарктер тұрғын, саябақ немесе рекреациялық аймақта оқшау тұрған аумақта орналастырылады.

Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар  зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар кіреді.

Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз етеді.

Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.

Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. 

Айналма жолдардың бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.

Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы  жүргізіледі. 

Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезгілді  бассейнді дезинфекциялай отырып, өндірістік бақылау көрсетікіштері бойынша судың толық  ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. 

Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.  

Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. 

 Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.

Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.

Бассейн суының температурасы  ересектер үшін 24-26 °C, балаларға арналған бассейндерде 30-32 °C болу көзделген.

Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға арналған киімсіз)  қабылдайды.

 Бассейнде айналысатын адамдардың жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылауды  бассейн  әкімшілігі қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бассейн әкімшілігімен  «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес  бақылау бағдарламасын  бекітіліп  бассейн   суының   сапасына  зертханалық   бақылау   жүзеге   асырылады.  

Қаламқас АМАНЖОЛОВА  

Атырау қалалық санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлім басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button