Жарнама
Қоғам

Бас мүфти Атырауға келіп, еріктілермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға жұмыс сапары кезінде еріктілермен кездесіп, алғысын айтты.

Еріктілерге батасын берген Бас мүфти ел мен жердің баршамызға аманат екенін атап өтті.

–Өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоя білген адам ғана нағыз ерікті бола алады. Шынайы ниетпен ортақ мүдде жолында қызмет етіп жатқан әрқайсыңызға риясыз ниетпен алғысымды білдіремін, — деген Бас мүфти Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарына атсалысты. Қазір Бас мүфти тасқыннан зардап шеккен Жылыой ауданына аттанды.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның еліміз бойынша 1200 еріктісі халықпен бірге ортақ мүдде жолында еңбек етуде. Бұған дейін ҚМДБ атынан Атырауға гуманитарлық көмек жеткен болатын.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button