«БАРБАРИСТІҢ» БАЙРАҒЫ

Астана қаласында алғаш рет талантты балалардың арасында өткен республикалық «Жайдарлы Жасұлан» зияткерлік сайысынан атыраулық «Барбарис» көңілді тапқырлар құрамасы жүлдемен оралды.
Сайыс «Жайдарман» ойындарын ұйымдастырумен айналысатын «Қазақстан КВН Одағы» мен өнерлі де білімді балалардың шаңырағы «Жас Ұлан» ұйымының арасындағы меморандум негізінде ұйымдастырылған. Бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларының 18 тобы қатысты.

Ойын нәтижесінде алматылық, қызылордалық талантты жастардан кейінгі жүлделі үшінші орынды Атыраудың атынан қатысқан қаладағы №31 орта мектептің оқушылары «Барбарис» құрамасы иеленді. 
«Барбарис» кәмпиттің атауымен әзіл көрсетіп жүрген жігіттердің ең кішісі он төртте. Құраманың капитаны Аманбек Тұржігітов: «Ойын өте сәтті өтті. Біздің тауып айтқан әзілдерімізді де қазылар алқасы жоғары бағалады. Алайда, кемшілігіміз мектеп жасындағы оқушылардың деңгейінен жырақтап, кейбір тақырыптан ауытқып кеткен тұстарымыз болды», – дейді ол.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз