Жарнама
Қоғам

Атыраулық балалар каникулды қайда өткізеді?

МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА.

Өңірде балалардың жазғы кезеңдегі демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Ол үшін қала аумағындағы мектептерде жазғы лагерьлер ұйымдастырылды. Оқу орындары маусымның басында оқушылардың алғашқы легін қабылдады. Мектеп жанындағы лагерь маусым бойына екі ауысымда жұмыс істейді. Жазғы кезеңде 49 мектептің жанынан тамақтандыратын жазғы демалыс лагерьлерінде екі ауысымда 2160 оқушы қамтылады. Бірінші ауысым 6-17 маусым, екінші маусым 20 маусым — 1 шілде аралығында болмақ. Сонымен қатар, мектептер жанынан 2635 баланы қамтумен 63 тамақтандырусыз лагерь жұмыс істейді.

  • — Барлық мектептердегі жазғы лагерьлерде күн сайын белгіленген тақырыпқа сай жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, танымдық ойындар, спорт эстафеталары, зияткерлік ойындар, тәрбие сағаттары, конкурстар, викториналар, т.б. Бұл жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа кетпеуі үшін ұйымдастырылды, — дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева.

(Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі арқылы)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button