Жарнама
Қоғам

Балаларға қуаныш сыйлаған күн

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында «Бар мейіріміміз балаларға!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мереке барысында балалар үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени ойын-сауық бағдарламалар өткізілді.

Іс-шара барысында қызықты ойындар, флешмобтар ұйымдастырылып, көңілді атмосферада балалар белсенді болды. Ұйымдастырушылар мен еріктілер тарапынан балаларға тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар тарту етілді.

–Бұл жиынның басты мақсаты – санаторияда ем алып жатқан балаларға қуаныш сыйлау, оларға қоғамның, ересектердің ерекше мейірімі мен қолдауын сезіндіру, — деді Қазақстан Республикасы Іскер әйелдер қауымдастығының жастар қанаты жетекшісі Зарина Қуанышова.

Әрбір баланың күлкісі мен шат-шадыман сәттері – ең үлкен жетістік екенін атап өткен ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын табатынын жеткізді.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button