«Жеңісті күндерде жүздескенше» деп қоштасатын…

nkenknk Қоғам

Амангелді Сейітханов. Кез-келген қазақ спорт жанкүйерінен сұрасаңыз жазбай танитын журналист.

Футболсүйер қауымның делебесін қоздырып, «Жеңісті күндерде жүздескенше», дегені жанкүйерлердің қанатты сөзіне айналған еді.

Амал не, Аман аға өмірден ерте кетті…

Ендігі өмірде, кейін қалған әріптестерінің міндеті – қазақ спорт журналистикасының майталманы Амангелді Сейітхановтың есімін ел есінен шығармау.

Бұл ретте, Алматы қаласында алғаш рет мини-футболдан журналистер арасында республикалық турнир өткізілу жоспары бар екен. Осы додаға Атырау атынан да ақпарат саласының бір топ қызметкерлерінен құралған команда бақ сынайтын болады.

Турнир 21-22 мамыр аралығында ұйымдастырылмақ.

Егер команда жүлдемен оралып жатса, келер жылы бұл байрақты бәсеке Атырау мекенінде өтуі мүмкін.

Ару ҰЗАҚОВА, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз