БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Балаларға қуаныш сыйла!», «Детство без границ», «Жақсылық жасауға асығыңыздар!», «Подари детям надежду!» қайырымдылық шаралары биыл да өз жалғасын тауып отыр. Мәселен, «Мектепке жол -2015» акциясын іске асыру бағытында этномәдени бірлестіктердің қолдауымен әлеуметтік-қамқорлық іс-шаралары ұйымдастырылып, балаларға 220 000 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, «Иверия» грузин, «Еділ-Жайық» қарақалпақ, «Татулық» татар-башқұрт, «Былина» орыс этномәдени бірлестіктерінің бастама көтеріп, өзге де облыстық Ассамблея мүшелерімен бірге аз қамтылған жанұялардың балаларына киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы да басқа әлеуметтік көмектер көрсетті. Сондай-ақ, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі әр аптаның қасиетті жұма күндері кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған.