Бала психологиясы – басты назарда
Қоғамдағы заманауи тенденциялар балалардың қауіпсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды мұқият жоспарлауды, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің және аяқталған жағдайларының статистикасы осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді. Осыған орай облыстық білім беру басқармасы Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Аутодеструктивті мінез-құлықты бағалау және психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға жалпы орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.
Іс-шара барысында әртүрлі ұжымдық ойындар ойналып, балалардың психикалық саулығының сау және дұрыс қалыптасуына ықпал ету бағытында әртүрлі кеңестер берілді. Сонымен қатар қатысушыларға педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Еркеназ ҚАЛИЖАН