Жарнама
Қоғам

«Бала күлкісі – әлемнің сәні»

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен «Жарқын жанұя» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шара осылай аталды. Бұл – кішкентай жүректердің шаттыққа бөленіп, мейірім мен махаббатқа толы ерекше күн болды.

«Balabi» ойын-сауық кешенінде өткен мерекелік жиынға көпбалалы отбасылардан, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан барлығы 70-ке жуық бала қатысты.

Түрлі ойындар мен аниматорлар шоуы, дәмді түскі ас – барлығы да балаларға шаттық пен күлкі сыйлау үшін ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері – Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұқатаева мен «Жарқын жанұя» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Құдайбергенова балаларға мерекелік лебіздерін білдіріп, оларға жарқын болашақ, амандық пен бақ-береке тіледі.

– Балалар – болашақтың негізі, ел ертеңі. Қоғамда әрбір бала бақытты болуға лайық. Сондықтан біз бұл атаулы күнге орай мұндай іс-шараларды үш жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырып келеміз. Бүгінгі мерекелік кеште тәтті тағамдарымен балалардың көңілін көтерген «toqash_bakery» кондитерлік дүкеніне және қонақжайлылығы үшін «Balabi» ойын-сауық кешені ұжымына алғыс білдіреміз. Бұл үшін бізге демеуші болған Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Қайыржанқызына және кеңес мүшелеріне де ризамыз, – деді Д.Құдайбергенова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button