Жарнама
Қоғам

БАЛА КӨЗІНДЕГІ БАҚЫТ

 

Аталмыш мекеме директоры Айнұр Қалиева қаламыздағы Авангард ықшамауданында орналасқан Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйіне жылы жамылғы, төсек жабдықтар мен киім-кешектерді сыйға тартты. Жүрегі мейірімге толы жандардың қамқорлығын сезінген сәбилер қуанып, шын жүректерінен алғыс айтты. «Жерде бір жетім жыласа, аспанда мың періште мұңаяды» дегендей, жүректері жүдеген балалардың қуанғанын көрудің өзі, қандай бақыт!

Сонымен қатар, Геолог поселкесіндегі Гүлсара Ботатаева басқаратын жанұялық типті «Шаңырақ» балалар ауылына да демеушілік көрсетті. Бұл фирма үнемі ата-аналардың жылуынсыз өсіп жатқан қамкөңіл балаларды өз қамқорлығына алып, мерекелер сайын тарту-таралғысын ұсынып отыратын көрінеді. «Шаңырақта» тәрбиеленіп жатқан жас өрендерді де танитын болып шықты. Барлық балалардың киім өлшемдерін де жатқа біледі екен. Қазіргі маусымға байланысты жылы киім, жылы аяқ киіммен қамтамасыз етілген балалар «Каспиан Логистик» ЖШС-не ризашылықтарын білдірді.

Гүлзада  НИЕТҚАЛИЕВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button