Жарнама
Қоғам

БАҚЫЛАУДА – ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ

 

«Шараның алғашқы күнінен-ақ, Атырау қалалық ІІБ жол патрульдік полиция қызметкерлері  автобустарға  қатысты 37 жол ережесін бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда,  жолаушы тасымалдаумен айналысқан 12 көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеулерін тақпаған, сегізі жолда келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен, енді біреуі жүргізушілік куәлігі болмаcа да, жолаушы тасымалдаумен айналысқан. Газель көліктерімен жолаушылар тасымалдаумен  заңсыз  айналысқан өзбекстандық екі азамат анықталып,  әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті  баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Аталған шара аясында заңсыз қайта жабдықталған автобустарға, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерге де тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, автобустардың рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушілерін медициналық бақылау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтау жайы да назарда болмақ.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button