БАҚЫТГҮЛ – БҰРЫМДЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖАҢА ҚАТЫСУШЫСЫ (+ФОТО)
Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті Бахытгүл Ақбисенова – газетіміз жариялаған «Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының кезекті қатысушысы.
– Мен Құрманғазы ауданының Котяев селосында 2001 жылы қаңтардың 31 жұлдызында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжде бастауыш пәні мұғалімі мамандығында білім алудамын.
Ата-бабамыз сонау ықылым заманнан бері қазақ қыздарының ұзын шашының әр талына бақ қонады деген ұғым қалыптастырған. Расымен де бұрым – сұлулықтың белгісі, қыздардың ары мен абыройы. Мен де шашымды кішкентай кезімнен бері өсіріп келемін.
Шаш күтімінде өзгеше құпиям жоқ. Аптасына 2 рет қарапайым сусабынмен жуып тұрамын. Шаш тегістегіш үтік, кептіргіш сынды электр құралдарын қолданбаймын. Содан болса керек, шашым қалың, қара түсті. Қыз баланың сәні өрілген бұрымы деп түсінемін. Сондықтан әр қыз бала шашын әдемі қылып өсірсе одан сайын көріктене түсетіні сөзсіз.
Оте керемет кызбаланын шашы узын болган ажарланып корикти болып журе бер саттилик
Жарайсың!
Биіктен көріне бер.
Керемет! Жеңіске жетуiне тілектеспiз.
Саттилик тек кана алга