Азаматтық парыз бәрінен биік тұруы тиіс!
Тарихымыздан белгілі, табиғаттың тосын мінез танытуы, айтпай келер апат, материалдық залал келтіріп, орасан зор зардап шектірер көктемгі су тасқыны тәрізді табиғи құбылыстар бұған дейін де болды, ілгеріде де қайталануы ғажап емес.
Мұндай Үкімет пен жергілікті атқарушы билік тарапынан ұйымдастыру шаралары алынып, тасқынға тосқын қою бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұған өзіміздің өмірлік тәжірибемізге, көзбен көріп, басымыздан өткергенімізге қарап, көптеген мысал келтіруге, кезінде жасаған жұмысымызды баяндап, басқаға тіреліп тұр. Жан-жақтан көмек те қолдау да жеткізілер, қаражат бөлінер. Ащы да болса, бәрімізге бірдей жетпейтіні – елді осындай қауіп пен кеселден сақтап, күш біріктіріп, ақылмен әрекет қылуға қажетті нәрсе – әрқайсымыздың өзімізге жүктелген міндет пен азаматтық борыш пен перзенттік парызымызды терең сензіну, оны бәрінен биік қою дер едім.
Осыны түйсігімізбен түсініп, дұрыс шешім қабылдай білуге тиіспіз. Қиындыққа душар болғандарға жанашырлық жасап, жәрдем беруге дайын болуымыз. Тек сонда ғана қандайма ауыртпалықты да жеңіп, қиындықтан шығарымыз сөзсіз. Билік басында жүрген азаматтар дәл осындай сындарлы кезеңде халықты күш біріктіріп, белсенділік көрсетуге, ешкімнің де ортақ істен шет қалмауы үшін үндеп, соған шақыруы шарт.
Нұрпейіс МАҚАШЕВ,
Атырау облысының Құрметті азаматы