Жарнама
ҚоғамЖаңалықтар

Азамат жолы айшықты

Халқымызда «Жақсылардың көңілі – алтын сандық» деген әдемі, қағидалы сөз бар. Жұртшылық алтын сандық деп адам жанының саф алтындай асылдығы мен биік адамгершілік иесі екендігін меңзеген шығар. Бүгінде біріміз аға, біріміз іні, сырлас һәм сыйлас болып жүрген Мұрат Сатыбалдыұлы бойынан осы даналық сөзде айтылған жақсы қасиеттердің бәрін табуға болады десем, артық айтпаған болармын. Оған оның жүріп өткен өнегелі өмір жолы айқын дәлел. Қазіргі заман талабына сай саналы өмір сүріп жатқан жайсаң жан.

И ә , қ о ғ а м , е л м е н же р о рт а қ болғанымен әр адамның өмір жолы өзінше өріледі, әрқайсысы қыр-сыры көп өзгеше бір әлем. Мұрат жоғары оқу орнын бітіріп келгеннен кейін туған ауданындағы қаржы саласында еңбек жолын бастап, есеп-қисапты шырқ үйірген іскер маман болып шықты. Қызметте сатылап өсті. Сатылап өскен сайын өзінің алғырлығымен, өрелігімен, білімдарлығымен көрініп, ел аузына ілікті. Осы кезде заман өзгерді. Кеңес өкіметі құлап, еліміз тәуелсіздік туын тікті. Бұрынғы аудандық мекемелердің құрылымы өзгере бастады. Әркім өзінше заман ағымына орай іс-қимыл жасауға бет бұрды. Алғашында сауда, халыққа қызмет к ө р с е т у, қ ұ р ы л ы с с а л а с ы н д а ғ ы кәсіпкерлікпен айналысып, кейіннен ол жас мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы с а л а с ы н д а ғ ы қ ұ р д ы м ғ а к е т к е н құрылымдарының орнына, оның жаңа жаршысын құруға бел буды. Қанатын кеңге жайған көшке ілесіп, айналасына нұр, шуақ шашуды мақсат тұтты. Сол мақсатпен 2010 жылы мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша несие қаражат алып, «Нұрлы дала» агрофирмасы шаруа қожалығын құрып, атакәсіппен айналысуды жөн көрді. Жаңа бастаманы алғашқылардың бірі болып бастау кім-кімге де оңай шаруа болған жоқ. Елеулі қиындықтарға тап болды. Ол тұста заман ағымы солай еді. Бірақ өмірден көріп түйгені мол, іскер де тәжірибелі, қайсар да қабілетті Мұрат заман ағымына бас иіп, қиындыққа мойымады, қайта қиындықтың бетін қайтарды. Ж ы л д а р ө т ке н с а й ы н ш а р у а қожалықтың өрісі үйір-үйір жылқыға, отар-отар қой мен ірі қараға толды. 2015 жылы ол маған телефон шалып, танысып, шаруа жағдайының қалай құрылғандығын, енді қой малының сапасы мен өнімділігін жақсартуға, яғни асыл тұқымды еділбай қойын өсіргісі келетіндігін айтып, ақыл-кеңес беруді сұрады. Ол кезде мен қосарлану негізінде Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бас ғылыми қызметкер болып қызмет ететінмін. Шаруашылыққа баратын күнге, жоғарыда айтқан институттың етті, майлы қой шаруашылығы бөлімінің меңгерушісінің облысқа келуі тұспа-тұс келіп, үшеуіміз барып малды көріп, асыл тұқымды малға айналдырудың әдістері түсіндіріліп, ғылыми кеңес берілді. Келесі жылы шаруашылықтағы еділбай қойларын Қазақ қой шаруашылығы ғылымизерттеу институты ғалымдарымен малдың сандық және сапалық деңгейін жетілдіруге бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізуге өзара келісім жасақталды. Кейіннен мал тұқымын асылдандыру жұмысы ғылыми негізде жүйелі жүргізіліп, шаруашылықтың малы асыл тұқымға айналды. Бүгінде «Нұрлы дала» агрофирмасы – ауданда асыл тұқымды еділбай қой тұқымын өсіретін жалғыз шаруашылық. Өзі ат жалын тартып мінгеннен кіндік қаны тамған жерде әулетімен бірге үлкен қызмет атқарып келеді. Облыстың бірқатар еділбай қойын өсіруші шаруагерлері қазір осы шаруашылықтан қошқар алып, қойларын асылдандырып жатыр. Қазір Мұрат Сатыбалдыұлы өңірдің емес, еліміздің беделді кәсіпкерлерінің бірі. Адал пейілінің, ақ ниетінің арқасында өңірдің экономикалық, саяси жағдайына елеулі үлес қосып келеді. Ауыл шаруашылығындағы сан-салалы шаруаның, мәдени-көпшілік шаралардың бел ортасында салиқалы іс танытып Мұрат жүреді. Мұрат Сатыбалдыұлының б о й ы н д а ү л г і т ұ т а т ы н қасиеттері өте көп. Мұрат – көпшіл азамат. Ауылдастарына, а ғ а й ы н — ту ы с т а р ы н а ө т е б ау ы р м а л . Ө з г е л е р д і ң қызығатыны – оның ерекше әділдігі мен парасаттылығы. Кейбіреулер шаруаның басын сәл-пұл қайырса болды кеуде қағып, омыраулап шыға келсе, ол сабырлы да сырбаз мінезінен еш ауытқыған емес. Келесі бір жақсы қыры – оның қайырымдылығы, қолы ашық, кең мәрттігі. Мұқтаж жандарға қамқор қолын созып, аудан, облыс көлемінде талай ұмытылмас қайырымдылық қадамдарын жасап келеді. Имандылық пен адамгершілік тізгінін тең ұстайды. Облыс әкімдігінің келісімімен 2018 жылдан бері «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы төрағасы міндетін қоғамдық негізде атқарып келеді. Басқару ісін білгірлікпен жүргізіп, көпшіліктің жүрегіне жол табу тәсілдерін жетік меңгерген Мұрекең өткен жылы облыс шаруагерлер бірлестігі жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастырып, республика бойынша жүлделі 3-ші орынға көтерілуіне қол жеткізді. Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық өңірлік кеңесі мүшесі ретінде де аграрлық саладағы күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелерді шешуде жаңа бастамалар көтеріп келеді. Былтырғы пандемия кезінде де өңірдегі барлық шаруагерлерді ортақ мүддеге жұмылдыра отырып, «Шаруагерлерден – дәрігерге» атты акция ұйымдастырып, айлап отбасын көрмеген ақ халатты абзал жандарға, өздері өндірген азық-түліктерін әкеліп, көмек қолын созды. Ол облыстық «Меценат – 2017», «Жыл кәсіпкері – 2018», «Жыл үздігі – 2019» байқауларының жеңімпазы атанып, өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Мұрекеңнің бойындағы жалпы жұрт мойындаған осындай өз ісіне жетіктігіне, біліктілігіне, бұған қоса ойын дәлелдеу бағытында көсіле сөйлейтін шешендігі, шабыты келгенде қолына қалам ұстайтын қасиеті де осал еместігін байқатады. Кейін білсек, мұның арғы жағында өзіндік сыры бар екен. Мұрекеңнің әкесі мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ ұлының аяқ алысын сырттай бақылап, орайы келген кезде: «Балам, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа осы бастан үйрен. Біздің арғы-бергі әулетімізде іс-әрекетімен, көпшіл мінезімен ұрпаққа үлгі, өнеге қалдырған аталарың аз болмаған. Атаң елдегі алғаш ауыл шаруашылығы саласын ұжымдастыруға белсене араласып, халықты кеңестік жүйеде жұмыс істеуге жұмылдыруға белсенді атсалысқан, кейін колхоз басқарған азамат болған. Халел Досмұхамедовтер әулеті сенің түп нағашыларың болады. Оның өз заманының ойлы қайраткер болғанын, туған халқының теңдігі жолында жан аямай қызмет еткенін, кейін есейіп, бұғанаң қатқан кезде толығырақ оқып түсінерсің балам, осындай. Аяулы жандардың атына кір келтірмейтіндей тірлік жасау керек» — деп айтқаны әлі есінде көрінеді. Расында да, тектіден текті туады демекші, тамырды қуалаған қан арқылы ізгілігі үзілмеген текті аталарының ұ р п а ғ ы е к е н і н е д а қ т ү с і р м е й , а б ы р о й ын асқақтатып келеді. Өткен өмір жолында адал еңбек етіп, қайда жүрсе де абырой биігінен көріне білген Мұрат Сатыбалдыұлына мемлекет, салалық министрліктер, облыстық және аудандық әкімдіктер талай рет лайықты ілтипат білдірді. Әңгіме кейіпкері – Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы. Мұрекеңнің отбасы да баршаға үлгі қыларлық, сәні мен салтанаты жарасқан, әрдайым нұрлы шуағы төгіліп тұратын қасиетті шаңырақ. Өмірлік жары Қарылғаш екеуі отау құрып, дүниеге Бауыржан, Райхан, Асылан сияқты алтын асықтай, сүйкімді ұрпақ әкелді. Бүгінде олар елімізді одан әрі көркейту жолында түрлі салада белсенді еңбекке араласып, қызмет етуде. Олардан ұрпақ тарап, Сармановтар әулеті толығып, толысып келеді. Бардың бағасын уақытында бағалайық. Жақсы адам жанымызда жүр. Ол қай уақытта да халқымыздың абыз ұлдарының бірі Әбіш аға айтқандай: «Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат – Азамат» деген қағидаға лайықты өмір сүріп келеді. Мен бүгін мерейлі жасқа толып отырған Мұрат Сатыбалдыұлы інімнің үлкен ақылды, үлкен жүрек иесі екендігін айтып мақтанып отырмын.

 Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

Қызылқоға және Құрманғазы аудандарының Құрметті азаматы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button