Қазақстандық мазмұнға – баса назар
Бірнеше компания өкілдері қатысқан жиында жергілікті тауар өндіруші, қызмет көрсетуші және қызмет түрлерін ұсынушы компаниялардың жұмысын үйлестіру, қазақстандық мазмұнды арттыру жайында кеңінен айтылып, істі жүргізудің жолдары қарастырылды.
Семинарға қатысқан Астана қаласындағы «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ «Келісімшарт агенттігі» филиалының қазақстандық мазмұндағы талдау департаментінің бас менеджері Ерлан Кеңесханов сөз алып, мекеменің атқаратын негізгі қызметтері жөнінде баяндады. Ол қазақстандық мазмұнды арттыру, оның заңдық тұрғыдағы жолдары, жергілікті мазмұнды бақылаудың мемлекеттік жүйесі және жергілікті мұнай өндіруші компаниялардың сауда-саттық мүмкіндігі жайына тоқталды. Сонымен қатар, компаниялар заңдық тұрғыда өз міндеттерін толықтай орындауы керектігін, біздің елімізде мұнай-газ саласында сауда-саттыққа баса мән берілетінін жеткізді.
Сондай-ақ, Астанадан семинарға арнайы келген аталған мекеменің бас менеджері Әлия Рахымбай да тауарлар, қызмет және оның түрлері бойынша сөз қозғап, бұл бағытта жұмысты жандандыру туралы түсініктеме берді.
Мәлика ҚУАНЫШЕВА.