Астанада өрттен көз жұмған бес бүлдіршіннің ата-анасы сұхбат берді (+ВИДЕО)

9157958 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr. kz / 13 – ақпан. Блогер, бұрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғаров Астанада мерт болған бес бүлдіршіннің  ата-анасынан сұхбат алды. «Ситер отбасымен болған әңгіменің видеосын блогер YouTube хостингіндегі арнасында жариялады» деп хабарлайды tengrinews.kz.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=12&v=VFrycKnAb3E

Видеода отбасының бет-жүзі көрсетілмеген. «Балаларын жоғалтқан ата-ананың жағдайын түсінуге болады. Бірақ олар сіздерді алаңдатқан сұрақтарға жауап беруге қүш-жігер таба алды. Олар дұрыс жасады деп ойлаймын. Себебі осы уақытқа дейін желіде түрлі жалған ақпарат тарап кетті»  деді ролик авторы.

 Қыздардың әкесі Евгений Ситер сол қайғылы түнде қайда кеткенін айтып берді. «Көлікті уақытылы жөндеп бітіре алмадым, екі апта кешіктім, оны ертесі өткізу керек еді, сондықтан түнде жұмысқа шығуға тура келді. Көлік иесіне кету керек болды, себебі күніне 20 мың теңгесін жоғалтып жатыр. Ондай сервис жоқ. Мен 20 жыл бойы көлік жөндеумен айналысамын, маған сенім артатын, әрдайым қиындық туса келіп тұратын тұтынушыларым бар»  деді қайғыдан қан жұтқан әке.

4 ақпан күні түнде Астана қаласындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, нәтижесінде 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қаза тапқан еді. Қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиғадан кейін мемлекет басшылығы көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау шараларын қайта қарастырып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз