АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРУ – АЗАМАТТЫҚҚА СЫН

Бүгінгі таңда әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі – өзекті мәселелердің бірі. Уәкілетті қадағалаушы мемлекеттік органдардың әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғаларға салынған айыппұлдарды мемлекет пайдасына уақытында өндіртуді бақылауға алып, жіті қадағалау құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының басты назарында.

2013 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қазіргі кезде әкімшілік деректер банкінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысы бойынша уәкілетті органдары мен сот органдары барлығы 73 112 әкімшілік іс қарап, есепке қойылған, оның ішінде 6 517 әкімшілік іс бойынша ескерту әкімшілік жазасын қолданған, 51 858 әкімшілік іс бойынша әкімшілік айыппұл салынған, 12 457 әкімшілік іс бойынша әкімшілік қамауға алынған.
Салынған айыппұлдардың мемлекет пайдасына өндірілу заңдылықтарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында облыстық ішкі істер органдары қызметкерлері әкімшілік заңнама талаптарының тиісті түрде сақтамағандығына да тексеру жүргізілді.
Бүгінде әкімшілік тәжірибе субъектілеріне 6 тексеру, 180 салыстырмалы тексеру, 13 мониторинг жүргізілу кезінде 65 ақпараттық есептік құжат есепке қойылмағаны, 151 ақпараттық есептік құжат уақытынан кешіктіріп есепке қойылғаны анықталып, 1 240 ақпараттық есептік құжаттардың деректемелері қате толтырылған, 1 605 ақпараттық есептік құжат бойынша Кодекстің талаптары сақталмаған.
Осы аталған заң бұзушылықтарды жою және болашақта болдырмау мақсатында 25 прокурорлық ықпал ету актісі жолданып, 52 лауазымды тұлға өздеріне жүктелген міндеттеріне жауапсыз қарағандығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ж.СЕМҒАЛИЕВ,
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Атырау облысы бойынша
басқарма бастығының орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз