Аяласаң, табиғатты аяла!..

vg777Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне орай мерекелік шара өтті.

Салтанатқа жиналғандарды алдымен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев мерекелерімен құттықтады. Ол кәсіби мереке иелерінің бір тобына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан жазылған Алғыс хаттарды тапсырды.

Аймақ басшысының Алғыс хаттарымен марапатталғандардың қатарында есімі елімізге белгілі эколог-ғалым, академик Мұфтах Дияров, сала ардагерлері Әжіқан Қабдықалимов, Мұрат Кульчиков және басқа да мемлекеттік құрылымдардың жауапты қызметкерлері мен мамандарды атауға болар еді.
Келесі құттықтау сөз кезегін Атырау облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ерболат Омаров пен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ербол Қуанов еншіледі. Өз кезегінде олар да кәсіби мерекелерін атап өтіп отырған әріптестерінің бір тобын Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтарын ұсынды.
Бұдан кейін облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 1-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Табиғат – сенің үйің» атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын ұлығылау рәсімі өткізілді. Олардың бәрі де сертификаттармен, түрлі дәрежелі дипломдармен және бағалы байрақтармен марапатталды.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суреттерді түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз