АВТОМОТО ШЕРУШІЛЕР САЛТАНАТЫ
Атырау қалалық әкімдігі мен «Wheels Brothers MC» мотоклубы, «Драйв Атырау» автоқоғамдастығы клубының қатысушылары осындай тағылымды акция арқылы екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына құрмет көрсету, боздақтардың ерліктерін жастардың санасында жаңғырту, осы арқылы өскелең ұрпақты елін сүюге шақырды.
Автошеру темір жол өткелінен басталды. Автожорық қатысушылары легі одан әрі Амандосов, Баймұханов, Махамбет көшелері арқылы Бейбарыс, Әбілхайыр хан даңғылдары арқылы Сәтпаев көшесінен Азаттық даңғылымен өтіп, Құнанбаев, Сатыбалдиев, Құрманғазы көшесі, «Мерей» сауда орталығы арқылы «Жеңіс» саябағына келіп атбасын тіреді. Алаңға жиналғандар Отан соғысының ардагерлерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына тағзым етті.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.