Жарнама
Қоғам

Авиациялық мүмкіндіктердің кеңеюі – стратегиялық артықшылық

L-410NG ұшағы – төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін таптырмас құрал. Оның қысқа ұшу-қону жолағына бейімділігі мен экстремалды климатта жұмыс істеу қабілеті Қазақстанның географиялық және ауа райы ерекшеліктерін ескергенде, төтеншеліктерді мұндай техникамен қамту тиімді шешім екені анық. Бұл әсіресе шалғай ауылдарда немесе жол қатынасы қиындаған аймақтарда науқастарды эвакуациялау, өрт ошақтарын әуеден барлау сияқты күрделі тапсырмаларды орындау үшін қажет. Осы техниканың бүгін Атырау облысына жеткізіліп, қолданысқа беріліп жатқаны – өте орынды шешім деп есептеймін.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұл сапары және жүзеге асқан бастамалар – төтенше жағдайлар қызметінің нақты әлеуетін күшейтуге бағытталған, жүйелі ойластырылған мемлекеттік саясаттың айқын көрінісі. Бұл тек материалдық-техникалық жаңару ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу.

Ендігі міндет – берілген техниканы ұқыпты ұстап, дер кезінде нақты мақсаттарға тиімді пайдалана білу. Сонда ғана біз көптеген мәселенің алдын алған болар едік.

Нұрбек ІЗБАСОВ,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button