
Қоғам
«АВАНГАРДТА» КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ӨРТЕНІП ЖАТЫР…
Бүгін сағат 06:30 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – аға лейтенанттар Әділет Қаматай мен Салауат Уахитов «Авангард-4» мөлтекауданындағы №10 үйден өрт шығып жатқанын байқап, дереу оқиға орнына жеткен.
Тәртіп сақшылары келе сала бес қабатты үйдің өрт шыққан подьезінің әр пәтерінің есігін қағып, 20-ға жуық тұрғын мен бес жасөспірімді эвакуациялады.
– Өрт салдарынан шығып жатқан түтінді байқап, жедел түрде жоғары қабатқа көтерілдік.
Ең бірінші мақсатымыз халыққа көмектесу болды. Өрт шыққан үйдің тұрғындарын шұғыл қауіпсіз жерге шығарып жатқан уақытта, төртінші қабаттан ес-түссіз жатқан әйелді көріп, алғашқы медициналық көмек көрсеттік, — дейді Әділет Қаматай.
Аман ШАМАР