Жарнама
Қоғам

АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫ – «АУЫЛ» НАЗАРЫНДА 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» жалпыхалықтық демократиялық партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Ерболат Саурықовалдымен саяси ұйымның өңірдегі активімен кездесті. Онда партияның облыстық филиалының төрағасы Нұртас Байжанов биылғы жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. 

​– Есепті мерзімде партиямыздың қатары жаңадан 160-тан астам мүшемен толықты. Бес аудандық өкілдіктің жетекшісі сайланды. Қалған екеуінде төрағасын сайлау жөнінде ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Партияның орталық аппараты бекіткен жоспарға сәйкес, 1 және 2-тоқсанға арналған кесте шеңберінде жоспарлы іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Мәселен, облыстық ұйымның ұйытқы болуымен 4 студенттік жастар жасағы құрылып, қазіргі уақытта олар толықтай жұмыспен қамтылып отыр. Бұған қоса, орталықтан ұсынылған «Аграрлы Қазақстан» тележобасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жарты жылда бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлықтай жасалған жұмыстар аз емес, – деді баяндамашы.

​ Биыл – «Ауыл» партиясының құрылғанына ширек ғасыр. Осы айтулы дата аясында мамыр айының 25-інде елордада орталық аппараттың ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда партияны ұйымдық жағынан нығайтып, саяси ұйымның ұстанған бағыттары мен идеяларын, құндылықтарын күшейтуге баса назар аударылды. Депутаттың өңірге сапары сәтінде ұйымның жиырма бес жылдығына орай партия ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табысталды. Бірқатар белсенділерге партия төрағасының Алғыс хаттары мен жаңадан партия қатарына қабылданғандарға мүшелік билеттері тапсырылды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button