Қоғам
Ауыл жастарының бастамасы
Қызылқоғалық жастар ораза ұстағандарға мешіт ауласынан ауызашар ұйымдастырып, өнегелі іс атқарып жатыр. Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Базарбаевтың айтуынша, 1970-80 жылы туған миялылық азаматтар орталық мешітке киіз үй тігіп, ауызашар беруге өздері ниет білдірген. «Бір мезгілде ауызашарға кемінде 100-200 адамға дейін қатысып отырады. Тағы бір жаңалық, жергілікті таксист жігіттер ораза ұстаған адамдарды тегін тасыды. Бұл да азаматтардың өзіндік бастамасы. Біз қолдау ретінде оларға азын-аулақ жанармай беріп отырмыз» дейді Талғат Базарбаев. Қасиетті оразада ізгі істердің бастамашысы болған қызылқоғалық жігіттердің азаматтық ісі көпке үлгі.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.