Жарнама
Қоғам

«Ауыл аманаты» – ауыл халқына үлкен қолдау

Мақат ауданына іссапар барысында «AMANAT»  партиясының жұмысшы тобы өңірде «Ауыл аманаты» партиялық жобасының аясында жұмысын бастап, кәсібін кеңейткен екі кәсіпкерлік нысанға арнайы барды.

Мақаттық жас кәсіпкер Ақылбек Абаев 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 7,5 млн. теңге несие рәсімдеп, жеке шаруашылығын қолға алады.  Қарауындағы сиыр малының  санын көбейтіп, бүгінде кенттен ет дүкенін ашып, сапалы ет өнімдерімен кент тұрғындарын қамтып отыр.

Мақаттық тағы бір тұрғын Шынар Ажуова 2023 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық курсын оқып, бизнес-жоспар жасақтап, «Ауыл аманаты» жобасымен жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алып,  заманауи үлгідегі сұлулық салонын ашқан.

Жас кәсіпкер қазір мақаттық 8 жұмыссыз жас маманды жұмыспен қамтып отыр. Сұлулық салоны эстетикалық талғамға сай безендіріліп, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ауылдың кәсіпкерлерін қолдап, ауыл-елдің әл-ауқатын арттыруға арналған жобаның жемісін көріп отырған мақаттықтар партияның бастамасына дән-риза.

Құрманғазы ауданына іссапары аясында жұмысшы топ Құрманғазы ауылында аталған бағдарлама аясында қаржы алып, кәсібін жүргізіп отырған жеке кәсіпкер С.Сужиковтің «SSS/Stom» тіс емдеу емханасының жұмысымен танысты. Кәсіпкер 2023 жылы 2,5 пайызбен 8,6 млн. теңге несие алып, тіс емханасын жаңа құрылғылармен жабдықтаған.  Бүгінде аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп отырған кәсіпкер партияның қолдауына ризашылығын білдірді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасымен Атыраудың түкпір-түкпірінде бұдан өзге бірнеше кәсіпкер қызметін атқарып, жұмысын жүргізіп отыр.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық

филиалы баспасөз бөлімінің қызметкері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button