Қоғам
«Атырауым тасқыннан аман қалса екен»
Әлеуметтік желіге жарияланған атыраулық оқушының хаты осылай деп аталды. Сегіз жасар Саида Смағұл өзінің балалық арманын қағазға түсіріпті.
«Менің ең басты арманым – Атыраудың су тасқынынан аман қалуы. Маған басқа ештеңе керек емес, ал қажет нәрсенің бәрін әкем мен анам сатып алып береді. Менің үйім, аулам, мектебім, қалам аман-есен қалса екен», — деп жазыпты ол.
Айта кету керек, Саида Атырау қаласы «Алмагүл» шағынауданында орналасқан №34 мектеп-гимназияның ІІ сыныбын үздік аяқтады. Шығармашылыққа жаны құмар қыз өз ойын қағаз бетіне түсіргенді жақсы көреді екен.