ҚоғамБЕЙНЕЖАЗБА
АТЫРАУЛЫҚ ТЕЛЕОПЕРАТОР ЖҮГІРУДЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ (+ВИДЕО)
Атырауда БАҚ қызметкерлері күніне арналған жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды ATPress.kz.
Аталған додада әріптесіміз, «Атырау» газетінің тілшісі Алмас Қабдолов жүлделі үшінші орын иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Хабар іздеуге…» атты 5 шақырымға жүгіру жарысында Хабар агенттігінің Атыраудағы операторы Темірлан Сұлтанғазиев жеңімпаз атанды. Жүгіру Темірлан үшін таңсық дүние емес екен. Ол күнара бес шақырымға жүгіруді әдетке айналдырған.
— Жаяу жүріс адамға өте пайдалы. Сол себепті де оны отбасымызбен әдетке айналдырдық. Мысалы, күнде кешкісін 8 шақырым жүру біздің отбасылық дағдымыз. Жалпы бұл спортқа қызығушылығымды оятқан жолдасым. Ол спорттың бұл түрімен 10 жылдан бері айналысады, — дейді Темірлан.