Жарнама
Қоғам

Атыраулық полицей өзге ұлт өкілдері арасында өткен республикалық іс-шараға қатысты

Облыстық полиция департаментінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Юрий Гоменюк Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл — бірліктің негізі» атты республикалық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін республика Ішкі істер министрінің орынбасары А.Сайтбековтың Алғыс хатымен марапатталды.

5a977109 ddb6 493f a749 464d4f97dbec

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту. Республиканың әр өңірінен келген ішкі істер органдары қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, қазақ тіліне деген құрметін көрсетті. Іс-шарада Юрий Гоменюк белсенділігімен және мемлекеттік тілге деген ерекше құрметімен көзге түсіп, арнайы марапатқа ие болды.

– Мемлекеттік тіл – ұлтымыздың рухани тірегі, елдігіміздің басты белгісі. Қазақ жерінде өсіп-өнген соң, қазақ халқымен тағдырымды бір деп білемін. Ұлтымды қазақ деп өзгерту – жүрек қалауымнан туған шешім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл марапат мен үшін алдағы уақытта да халыққа адал қызмет етуге үлкен серпін береді, – деді полиция аға лейтенанты Юрий Гоменюк.

Айта кетейік, Юрий Гоменюк 1992 жылы Украина Республикасының Черкасская облысында дүниеге келген. 1993 жылы ата-анасымен бірге Атырау облысы Құрманғазы ауданына қоныс аударып, осында өсіп-өнді. Өзінің азаматтық ұстанымы мен өмірлік таңдауы ретінде қазақ халқымен біте қайнасып, ұлтын ресми түрде қазақ деп өзгерткен. Бұл шешімі оның туған еліне, мемлекеттік тілге және ұлттық құндылықтарға деген құрметінің көрінісі болды.

Р.ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button