Қоғам
АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АНТАЛИЯ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «Айжан қыз» би ансамблі қазан айының 31-інен қараша айының 6-сы аралығында Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен халықаралық»Dance Format» конкурсында екі номинация бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
“Биылғы оқу жылында «Айжан қыз» би ансамбілінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Би ансамбілінің көркемдік жетекшісі хореограф, Айжан Артығалиева, биді қоюшы хореограф Сауле Жаскеленова. Конкурс кезінде халықаралық көлемде Ресей, Түркия мемлекетінің атақты бишілерінің шеберлік сабақтарынан дәріс алды. Би баттлын өткізді. Би мектептерінде тақырыптық тәжірибе алмасу, кездесулеріне қатынасты”, дейді академия директоры Долорес Таскарина.