Атыраулық дәрігерлер иттер талаған қыздың жағдайын айтты

4067589f e376 4abf bace c6095692f14d Қоғам

Атырауда иттер талаған 2008 жылы туған қыз бала 13 желтоқсан күні сағат 19:50-де облыстық балалар ауруханасына ауыр халде түсті.
Қабаған төрт ит 13 жасар қызды әбден талап тастаған. Дәрігерлер сол жақ иығы, маңдай, бас тұсы қатты жарақаттанғанын айтты.

  • Сондай-ақ, науқастың екі иығы, білегі, қолы, жамбасы мен аяқтарына да зақым келген.
    Қазір қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы орташа деп бағалануда, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 айында облыстық балалар ауруханасына 380 бала жануарлардан таланған күйде келген. Оның 152 – сі қаңғыбас иттерден, 183 – і үй иттері мен 15-і қаңғыбас мысықтардан және 23-і үй мысықтарынан зақым алған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз