Жарнама
Қоғам

Атыраулық БАҚ өкілдері алғаш рет футбол матчына аттанды

Атыраулық БАҚ өкілдері алғаш рет футбол мачына аттанды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Матч 21-мамырда Алматы қаласында белгілі журналист Амангелді Сейтхановты еске алуға арнап өткізіледі. Додаға барлық облыстан 16 команда қатысады деп күтілуде.
-Біз футболға алғаш аттанып бара жатқандықтан толқулымыз. Бірақ, команда мұқият дайындалды, ойыншылар жеңіске жетеді деген сенім бар. Кубокты жеңіп алу үшін бар күшімізді саламыз, деді команда капитаны Нұрислам Ғұмар.
Еске сала кетейік, Амангелді Сейітханов қазақстандық спорт көрермендер үшін айтулы комментатор. Ол 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс жасаған. 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. Кейін «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды. 1997 жылы кейін «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button