Атыраулық АҚ ҚЫЗ
ДҮНИЕГЕ СӘБИ КЕЛГЕНДЕ БІРІ АТАСЫНА, БІРІ ӘЖЕСІНЕ ҰҚСАТЫП ЖАТАДЫ. БІРАҚ, ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗІ НӘРЕСТЕНІ ЕРЕКШЕ ЖАРАТАТЫН КЕЗДЕРІ БОЛАДЫ. НАИЛЯ ӨТЕПБЕРГЕНОВА ДА – ТАБИҒАТТЫҢ ҒАЖАП ЖАРАТЫЛЫСЫ. ТЫМ ЕРЕКШЕ БОЛЫП ӨМІРГЕ КЕЛГЕН БҮЛДІРШІННІҢ АҚШЫЛ ТҮСТІ ҚАС-КІРПІГІ МЕН ШАШЫ СЫРТ КӨЗГЕ БІРДЕН БАЙҚАЛАДЫ. ОЛАРДЫ МЕДИЦИНАДА «АЛЬБИНОСТАР» ДЕП АТАЙДЫ.
Анасы Таңсұлудың айтуынша, жүктілік кезеңінде ешқандай ауытқу болмаған. Оның ерекшелігі өмірге келген кезде анықталыпты. Ақ қыз туғанына бірінші кезде таң қалғанын да жасырмады. Оның есте сақтау қабілеті өте жоғары, өлеңжыр жолдарын тез жаттап алатын қасиетке де ие. Зерек. Алғыр. Ұмытып қалса, ойынан құрастырып, тығырықтан жол табады. Дарынды балақай сандар мен əріптерді таниды. Інісі Сұлтанға қарасып, анасына көмек береді. Ал, Наиляның өзі «өскенде дəрігер болуды армандаймын» дейді.
Альбиностар əлемнің барлық елінде бар. Мұндай адамдардың терісі, шашы мен кірпігі ақ болса да көздері түрлі түске еніп, күніне бірнеше өзгеретін қасиетке ие. Олардың терісі өте нəзік əрі сезімтал. Əдеттегі альбиностардай Наиля да ағзада меланин жетіспеушілігіне байланысты күннің көзінде жүре алмайды. Шыға қалған жағдайда да көзілдірік киіп, қолшатыр ұстауына тура келеді. Мұндай ерекшелік дарыған атыраулық ақ қызға еліміздегі сəн үйлері мен журналдардан бөлек, шетелден шақыртулар жиі түседі. Дегенмен, ол өзінің шашын өзгенің ұстағанын жақсы көрмейді екен. Сол себепті, ұсыныстардан бас тартуға мəжбүр. Атыраулық ақ қыз Наиля Өтепбергенова жуырда «Қазақстанның ең сұлу қызы» атанды. Ол үш жастағы сұлу бүлдіршіндердің арасында байқауға еліміздің түкпіртүкпірінен 8160 ару қатысқан озық көрініп, байқаудың 1 орнын жеңіп алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар тəн мен жан сұлулығы үйлескен аруларымызды тіршіліктің тірегі, əлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі, жарық дүниедегі əдемілік пен сұлулықтың тəңірі деп бағалаған нағыз қазақ қызы атына сай болуға шақырып, əдемілік пен мəдениеттілікке тəрбиелейді. Кішкентай балғындардың жұлдызын жағады. Сұлулық сайысына қатысып, өзін ханшайымдай сезіну əр қыз баланың арманы. Оған қол жеткізу үшін, əрине, ата-ананың көмегі мен қолдауы ауадай қажет.
– Наиля – ерекше бала. Жаны сұлулыққа, əдемі дүниеге құмар. Барлық бүлдіршін секілді жаны да таза. Өте пысық жəне алғыр. Суретке түскенді, сурет салғанды ұнатады. Ал, жуырда өткен «Қазақстанның ең сұлу қызы» республикалық байқауында ол өзінің ерекшелігімен көптің де, қазылардың да дауысына ие болды, – дейді «Қазақстанның ең сұлу қызының» анасы Таңсұлу Темірəлиева.
Рита ӨТЕУҒАЛИ