Жарнама
Қоғам

Атыраулық актер отандық фильмге түсті

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, мәдениет саласының үздігі Ержан Жұматов “Хабар” агенттігі түсірген режиссер М.Бидосовтың фильміне түсті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

erzhan teatr

Ержан Жұматов “Қарасу” телехикаясында Асан рөлін сәтті сомдады. Үлкен экранда көрерменге жол тартқан телефильм бүгінгі таңда “Хабар” телеарнасында көрсетіліп жатыр.

Әкесінің бизнесін рейдерлік жолмен тартып алуға көксеген қарақшыларға қарсы тұрған бозбаланың бастан-кешкендерін баяндайтын шиеленіске толы фильм — қазіргі заманның бет-бейнесін ашық көрсетеді.

Театр мен кино өнерінде танылған Ержан Хамитұлын кино саласындағы кезекті табысымен шын жүректен құттықтаймыз.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button