Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ

Кезектен тыс өткен сессияда негізінен бір мәселе қаралды. Атырау қаласының қолданыстағы бас жоспарын қайта жаңғырту жобасы туралы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров баяндады. Құрылым жетекшісінің айтуынша, Атырау қаласының қолданыстағы бас жоспары 2015 жылға дейін қарастырылған, яғни оның қолданылу мерзімі іс жүзінде аяқталып отыр.

— Атырау қаласының қолданыстағы бас жоспарында қаланың аумағы 13186,0 гектарды құрап, бас жоспарды есепті кезеңінің соңында 19205,2 гектарға дейін ұлғайту қарастырылған болатын. Есепті мерзімде (2015 жылы) қаланың халық саны 220 мың адамды құрауы тиіс болды, іс жүзінде бұл қаланың бүгінгі күнгі көрсеткішіне сәйкес келеді, — деді Төлеп Қиялбайұлы.

«Казгипроград-1» жобалау институтының директоры Валентина Баркова облыс орталығы бас жоспарының қайта жасақтау жобасына кеңінен тоқталды. Соған орай депутаттардан көптеген сауалдар туындап, оған барынша толымды жауаптар берді.

(Кезектен тыс ХХVІІ сессия туралы толығырақ материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button