Жарнама
Қоғам

Атырауда жол апаты жиілеп кетті…

Облыс аумағында биыл 7 айда 184 жол-көлік оқиғасы мен 20 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Салдарынан 49 адам көз жұмған…

Ал, 227 адам түрлі дене жарақатын алған. Бұл былтырғыдан 17,9%-ға көп.

Осы орайда, Полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының жеке құрамы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол»  жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.  

«Он күн ішінде үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп үлгерді. Екеуі облыс орталығында орын алып, екі адам дене жарақатын алды. Ал, республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 19-шақырымында екі автокөлік соқтығысып, үш адам қаза тапты» дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аманжол Жұмалиев.

Сондай-ақ, 4 тамызда алпыс жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі Құрманғазы көшесінің бойында жол қауіпсіздігін қадағаламай реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан тұрғынды абайсызда қағып кеткен. 1988 жылы туылған азаматша «жедел жәрдем» көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Енді тиісті құжаттар жинақталуда.

Жуырда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Көркем Телеком» мердігер компаниясының қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» де өтті. Онда қала сыртындағы республикалық Ақтөбе-Атырау-Астрахан, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық Атырау-Индер, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тасжолдарына «Сергек» камерасын орнату мәселесі көтерілді.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button