Әскери қызметкерлер сайысты (+ФОТО)

pa Жаңалықтар

Әскери қызметшілердің ептілігі мен функционалдық даярлығын арттыру – басты міндет. Осы мақсатта «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде түйісетін спорт түрлеріне дайындық жаттығулары басталып кетті.

DSC09703

DSC09712

DSC09724

Игі шараны 41433 әскери бөлімі биылдан бастап жолға қойып отыр. Осы орайда әскери қоян-қолтық күрестен бөлім командирінің Кубогіне арналған сайыс өткізілді. Нұсқаушы болып тағайындалған мықты спортшылар іріктелініп алынды. «Іріктелген үздік спортшы жауынгерлер дене даярлығы сағаттарында барлық санаттағы әскери қызметшілермен (рота командирінен бастап қатардағы сарбаздарға дейін) жекпе-жек түрлерімен айналысатын болады. Бұл спорт секцияларындағы сабақтарға сай келеді» дейді әскери бөлімнің спорт және дене даярлығы қызметінің басшысы, капитан Ернат Ахтаев.

DSC09725

DSC09745

DSC09782

Әскердегі жекпе-жек түрлерімен айналысу – әскери қызметшілердің психологиялық даярлығына, қорқыныш сезімін басуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қоса, қоян-қолтық күресі әскери қызметшілердің әскери қақтығыс кездерінде қарсыласын оқшаулаға және жоюға қажет қабілетті шыңдайды.

Рустем  ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының

баспасөз қызметкері, капитан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз