Қоғам
Атырауда «Жасыл елге» жұмысқа қабылдау басталды
Еңбек жасағына 16-29 аралығындағы жастар қабылданады.
Жұмысқа тіркелу онлайн форматта жүзеге асырылады.
Үміткерлер инстаграм әлеуметтік желісіндегі @atyrau_jastary аккаунты профилінде көрсетілген сілтеме арқылы тіркеле алады.
Жұмысқа қабылдау үшін
жеке куәлік, Kaspi Gold картасындағы IBAN шот, үміткер 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының рұқсат қағазы керек.
«Жалақының жалпы мөлшері 65 000 теңге.
Жалақы салығының шегерімдерін алып тастағанда қалатын таза ақы 51 480 теңге» делінген Атырау облысы ішкі саясат басқармасы таратқан ресми ақпаратта.