Жарнама
Қоғам

Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдыналу бағытында 3000-ға жуық қорғау нұсқамасы шығарылған

Тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекет. Бүгінде еліміз үшін қоғамда белең алған тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер тарапынан профилактикалық іс-шаралар кешені қарқынды жалғасуда.

Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қатерлі үрдіс екенін, аталған мәселенің алдын-алу үшін қоғамда заң мен тәртіптің қатаң сақталуы қажеттігін атап өткен болатын. 15 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Жыл басынан бері Атырау облысында 3087 отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында хабарламалар тіркелген. Аталған құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында отбасылық жанжалқорларға 2803 қорғау нұсқамалары шығарылып, құқық бұзушының мінез-құлқына 683 ерекше талаптар белгіленген. Қорғау нұсқамасын бұзғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша 208 адам, ал ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабымен 399 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, дағдарыс орталығына биыл 27 әйел мен 68 бала қабылданып, жалпы 95 адамға құқықтық көмек көрсетілді. Айта кетейік, қазіргі кезде отбасындағы зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблемалар қатарында. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтарды алдын-алуда құқық қорғау саласының қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, акция, профилактикалық іс-шаралар аясында білім беру ұйымдарында, мекемелерде ақпараттық жиындар өткізуде. Осы ретте, отбасы институтын нығайту, отбасылық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорларға психологиялық көмек беру мақсатында  «Құқық» қоғамдық қорының психолог – маманы полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қорғау нұсқамасын бұзып, әкімшілік тәртіппен ұсталғандарға құқықтық кеңес беріп, тренингтер өткізіп тұрады. Тренинг өткізу барысында білікті мамандар отбасындағы зорлық-зомбылық және оның алдын-алу, тосқауыл қою мәселесін талқыға алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мұндай психологиялық кеңестер көп жағдайда отбасылық жанжалдың қатысушыларына қажет екені сөзсіз.

Айта кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін, құрбандардың құқықтарын қорғау және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өткізілуде. Акция барысында полицейлер тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, қорғау ұйғарымдары шығарылған немесе мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауларына ерекше назар аударылатын болады.

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button