Жарнама
Қоғам

АТЫРАУДА ТҰРҒЫНДАР ШҰҒЫЛ СЫРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Өрт сөндірушілер өрт шыққан пәтерден 5 адамды (3 бала) құткарды.

17 шілде күні CALL центр орталығына 03:05 сағатта (жергілікті уақыт) Азаттық даңғылы, №49 «а» мекен жайында орналасқан пәтерде өрт шыққан бойынша шакырту түсті. Шакырту орнына жеткен өрт сөндірушілер аталған мекен жайда жалпы ауданы 90 шаршы метр болатын пәтердің бөлмесінде (ас үй студиясы) ауданы 15 шаршы метр көлемінде тұрмыстық заттардың өртенуін анықтады. Өрт сөндірушілер өрт кезінде пәтер ішіндегі 5 адам, оның ішінде 3 баланы дәліз баспалдағы арқылы құтқарды. Өрт салдарынан денесінен күйік алған және көмір қышқыл газына уланған 1991 ж.т. азаматша жедел жәрдем қызметкерлеріне жеткізілді. Өрт 03:40 сағатта (жергілікті уақыт) оқшауланып, 03:53 сағатта (жергілікті уақыт) толықтай жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Жұмылдырылды: Атырау облысы ТЖД 12 кызметкер және 3 бірлік техника.

Атырау облысы тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады!

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button