Қоғам
АТЫРАУДА ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТЕНІП ЖАТЫР…
14 маусым күні 13:34 сағатта байланыс бекетіне тұрғын үйлердегі өрт туралы хабар келіп түсті.
Дереу оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Атырау қаласы, Мырзағали Қазырет 89 мекен-жайының ауыласында орналасқан 6 м2 болатын Ағаш сарайының толықтай жануы, жану салдарынан іргелес салынған исатай 26 мекен-жайында ауданы 55 м2 болатын пайдаланусыз тұрған үйдің ауданы 25 м2 алдыңғы бөлігінің және 16 м2 төбе жабындысының жануы анықтады. Өрт 13:53 сағатта оқшауланып, 14:04 сағатта толықтай жойылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Аталған өртке Атырау облысы ТЖД 14 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобы