Атырауда шетелдік жұмысшыларға квота саны азайған

img 20220923 wa0016 Қоғам

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мейрамбек Алдияров мәлім етті деп, хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Биыл шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 6226 квота бөлінді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда шетелдіктерге берілетін рұқсаттың үш есе азайғандығын көрсетеді. Бөлінген квота шеңберінде биыл 1 қыркүйекке дейін жұмыс берушілерге шетелдік азаматтарды жұмысқа алу үшін берілген рұқсаттар саны 5255. Оның ішінде 1-ші санат бойынша 33, 2-ші санат бойынша 732, 3-ші санат бойынша 3698, 4-ші санат бойынша 405, маусымдық шетелдік жұмыскерлерге 381 және корпоративтік ауысым үшін 6, деді М.Алдияров.

Айта кетейік, биыл жұмысқа орналасуға ниет білдірген 232 шетелдік азаматқа талаптарға сай келмеуіне байланысты комиссия шешімімен рұқсат берілмеген

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз